Үндістан мен Бангладештің әртүрлі аймақтарында жауған нөсер салдарынан туындаған су тасқыны мен көшкіннен 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кейінгі бір тәуліктің өзінде Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында сел салдарынан 9 адам қаза тапқан.
Жергілікті биліктің айтуынша, бес күнде су тасқыны мен көшкіннің салдарынан 1,8 миллионнан астам адам зардап шеккен. Тағы 108 мыңнан астам адам қауіпсіз аймақтарға көшірілген.
Бангладештің оңтүстігіндегі Чаттограм аймағында 17 маусым күні басталған жаңбыр әлі толастамай тұр. Бұл мекенде көшкін салдарынан 4 адам қаза тауып, көптеген тұрғындар зардап шекті.