Шардарада жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші көз жұмды. Зардап шеккен тағы бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде жантүршігерлік жол апаты бейнеленген видео жарияланды. Онда көліктің қатты жылдамдықпен келіп, сайға құлап түскенін көруге болады.
Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
«Көлік апатының мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Тиісті сараптама тағайындалды», делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.