• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қаржы 20 Маусым, 2022

Инвестициялар көлемі 3,5 пайызға ұлғайды – Қаржы министрі

144 рет
көрсетілді

Өткен жылы әлеуметтік және басқа да міндеттемелер толық көлемде орындалды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үкіметтің есебі Парламент Мәжілісі мен Сенатында егжей-тегжейлі талқыланды. Оны қарау кезінде экономиканың барлық бағыты бойынша жүздеген сұрақтар мен ұсыныстар берілді. Олар жұмыс топтары мен комитеттерде де талқыланды. Депутаттардың ұсынымдары Үкімет жұмысында ескеріледі.

2021 жылы ІЖӨ-нің өсімі 4 пайызды құрады. Экономиканың барлық негізгі салаларында оң нәтиже болды. Мәселен, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,8 пайызға, құрылыс саласы 7,6 пайызға, көлік 3,6 пайызға, сауда 9,2 пайызға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5 пайызға ұлғайды», деді Е. Жамаубаев.

Сонымен қатар ол былтыр инфляция 8,4 пайызды құрағанын еске салды. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталды.