• RUB:
    5.05
  • USD:
    491.71
  • EUR:
    529.97
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Маусым, 2022

Қазақстандықтар полицияға 1,2 мың қару тапсырды

352 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек қазақстандықтар полицияға 1,2 мың қару тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ішкі істер министрлігі тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу республикалық акциясын жалғастырып жатыр. Қару-жарақты өз еркімен тапсырған азаматтарға әр қарудың жай-күйіне байланысты 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сома төлеу көзделген. Акция өткізілген 2 айдың ішінде полицияға азаматтар 1 232 бірлік қару мен 9 мыңнан астам оқ-дәріні өз еріктерімен тапсырды», деді Шұғыла Тұрлыбек.

Министрлік өкілінің айтуынша, тапсырылған барлық қару-жарақ Ішкі істер министрлігінің деректер базасы арқылы криминалдық сараптамадан өткізіледі.