Батыс Қазақстан облысының әкімі өзінің отставкасын талап еткен тұрғындар петициясына қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әр түрлі пікірлер болуы мүмкін. Сондықтан ол жерде дұрыс сын болса, мен одан сабақ алып, өзім үшін тиісті шешім қабылдаймын. Өкінішке қарай, қоғам мүшелерінің барлығына бірдей жағу мүмкін емес», деді Ғали Есқалиев.
Еске сала кетсек, 31 наурызда Батыс Қазақстан облысының тұрғындары әкім отставкасын талап еткен петиция жариялаған.
Аталған петицияны 5 594 адам қолдаса, 585 адам қарсылық білдірген.