• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Маусым, 2022

Францияда парламенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді

305 рет
көрсетілді

Жексенбі күні Францияда Ұлттық ассамблея сайлауының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елде барлығы 48,7 миллион сайлаушы тіркелген. Олар парламенттің төменгі палатасының 577 депутатын сайлайды. 

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де ашылып, 18:00-де жабылады. Ірі қалаларда сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Парламенттік сайлаудың екінші кезеңіне қазіргі үкіметтің 15 министрі, оның ішінде премьер-министр Элизабет Борн қатысып жатыр.

Парламент сайлауында жеңілген министрлер, оның ішінде үкімет басшысы да отставкаға кетуі мүмкін.