• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Маусым, 2022

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

508 рет
көрсетілді

Жетісу облысындағы Алакөл ауданында көлік апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«19 маусым күні Алакөл ауданының Ақтүбек ауылының маңында көлік апаты болды. Бескөл-Жайпақ жолының 15-шақырымында «Toyota Avensis» көлігінің 26 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылған. Соның салдарынан көлік жүргізуші мен жолаушы қайтыс болды. Көлік жүргізушісі жергілікті тұрғын», делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, тағы 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Үшаралдағы аудандық ауруханаға түскен. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4-ші бөлігі бойынша тергеу басталды.