• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Маусым, 2022

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

328 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» алдағы екі-үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Бұған фронтальді ауа ағымы әсер етеді.

21 маусымда солтүстікте, елдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Алайда жаңбыр жауса да, елдің көп бөлігінде ауа температурасы төмендемейді.

Тек солтүстікте күндіз 18-28 градус ыстық болады.