25 жастағы жігіттің кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13 маусымда Ақтөбе облысы Темір аудандық полиция бөлімдерінің біріне баласының жоғалғаны туралы анасы арызданған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленуші мен досының арасында жанжал туындағанын анықтады.
«Жанжал кезінде 29 жастағы күдікті 25 жастағы досын монтировкамен ұрып, автокөлігіне тиеп, Ойық өзенінің жағасына апарып тастаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.
Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.