Синоптиктер 22 маусымда ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан территориясында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады.
Ақмола облысында найзағай ойнап, жел күшейеді, түнде солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстігінде 25 м/с дейін күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз күн күркіреп, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 25 м/с жетеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с.
Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында күн күркірейді, облыстың солтүстігінде жел екпіні - 18 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 25 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында - найзағай, бұршақ, дауыл болады, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында күн күркірейді, найзағай кезінде желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.