• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Маусым, 2022

Энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды

547 рет
көрсетілді

Қостанай облысының сауда сөрелеріндегі энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Аталған комитет Қостанай облысының сауда желісінде сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу қорытындысы бойынша «Кофеинмен және тауринмен Flash up energy» (163,3 мг/л) және «Monster Energy» (173,72 мг/л) алкогольсіз энергетикалық газдалған сусындардағы натрий бензонатының (Е211) артқанын анықтады.

Сусындарды «Балтика» «Сырақайнату компаниясы» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және «Refresco Benelux B.V» (Нидерланды Корольдігі) компаниясы өндірген.

Өнімдер партиясы сатылымнан шығарылды. Ал, жеткізушіге ішімдіктерді сату айналымынан алып тастау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Әдетте азық-түлікті ұзақ уақыт сақтау үшін, тағамдық қоспалар консерванттар ретінде қолданылады.

Комитет Ресейдің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау қызметіне» (Роспотребнадзор) осы өндірушілердің өнімдерін зертханалық күшейтілген бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.

Соңғы жаңалықтар