• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2014

Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша ТМД елдерін басып озды

360 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) жариялаған есебіне сәйкес, Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша 148 елдің ішінде 38-ші орынға ие болды. 2013 жылмен салыстырғанда рейтингтік көрсеткіште 5 сатыға жоғарылап, ТМД мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Қазақстанның алдында 37-ші орынға Кипр мемлекеті, ал 39-шы орынға Латвия мемлекеті орналасқан. Ресей болса аталған көрсеткіш бойынша 50-ші орынға тұрақтады. 2014 жылғы ДЭФ рейтин­гі­сін­­де Финляндия, Сингапур, Шве­ция мемлекеттері көш бас­­тап тұр. Желілік дайындық ин­дексі елдегі ақпараттық-ком­му­ни­ка­тивтік технологиялардың (АКТ) даму деңгейіне бай­ланысты анықталады және бір­неше көрсеткіштерден құ­ра­лады. Көрсеткіштерге келер болсақ, Қазақстан ұялы байланыс або­ненттерінің саны бойынша 3-ші орынды иеленсе, кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділік бойынша 8-ші орында. Ал, ұялы байланыс тарифінің көрсеткіші жөнінен 17-ші орында. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар