• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Маусым, 2022

Алдағы үш күнде аптап ыстық болады

360 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 23-25 маусым аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш тәулікте елдің басым аумағында солтүстік циклон жырасының өтуімен құбылмалы күн райы сақталады – найзағай, жаңбыр, дауыл күтіледі. Сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал.

23-24 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында, 25 маусымда солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанады.

23 маусымда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, 23-24 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, 24 маусымда Қостанай облысының оңтүстігінде, 23-25 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық болады.

24-25 маусымда Қызылорда облысының оңтүстігінде, 25 маусымда Түркістан облысының далалы жерлерінде 45 градусқа дейінгі ыстық күтіледі. 25 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градусқа дейін ыстық болады.

Аяна Тоғанбек