• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2022

Бірнеше өңірде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

210 рет
көрсетілді

Экология министрлігінің мәліметінше, рұқсат етілмеген қоқыстар – бұл халықтың 60 процентін және мемлекеттік құрылымдарды алаңдататын мәселе, деп жазады Egemen.kz.

Мұндай үйінділермен күресу үшін экология министрлігі ішкі істер министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоқыс тастайтын үйінділерді жою бойынша үшжақты іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Жоспар аясында Қазақстанның бірқатар өңірінде қалдықтарды заңсыз шашу орындарын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өтті. Мамыр айында Атырау, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Батыс және Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте 31 рейд өтті.   Нәтижесінде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. 14 факті бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 153 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Рұқсатсыз қоқыс үйінділерін анықтау жөніндегі шаралар жалғасады.