• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Маусым, 2022

ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті

255 рет
көрсетілді

22 маусым Шығыс Қазақстандағы Серебрянск қаласының маңында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz  өңірдегі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көкжиек-Күмістау теміржол учаскесінің 95-ші шақырымында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», делінген ақпаратта.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы дерек жоқ.