• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2014

Отандық кәсіпорын мал дәрісін шығаруға дайын

262 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дәстүрлі брифинг өз жалғасын тапты. Басқосудың бұл жолғы қонақтары Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешені комитетінің хатшысы Бауыржан Қасенов, осы комитеттің сарапшысы Болат Сейсенов және «Астана Финанс» «Лизингтік компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Уатханов болды. «Елімізге ветеринарлық дәрі-дәр­мектердің 95 пайызы шетелден жеткізіледі. Бұл өндірістерді республикада қолға алу үшін мемлекеттік сатып алу арқылы сұранысты көбейту қажет. Қазіргі таңда Степногор және Тараз қалаларындағы екі кәсіпорын малдың аусыл, құтыру ауруларынан емдеуге, сонымен қатар түрлі бактерияларға қарсы дәрі шығаруға дайын. Тіпті қолдау білдіретін инвесторлар да бар. Енді тек өнімге сұраныс білдіріп, өткізетін нарықты анықтау ләзім», дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені комитетінің сарапшысы Болат Сейсенов. Сондай-ақ, ол ветеринарлық дәрі-дәрмектермен елімізді қамтамасыз ету үшін біз бүгінде импортқа тәуелді болып отырғанымызды да назардан тыс қалдырмады. «Бұрындары бүкіл Кеңес одағын кейбір қажетті препараттармен Алматы биокомбинаты қамтамасыз ететін. Кейіндері ол жабылып қалды. Бұл ретте ұлттық палатаға инвесторлар келіп, өндіріс орнын ашайық деп ұсыныс білдіруде. Бізге енді сұранысты қамтамасыз ету ғана қалды», деді ол. Кейінгі екі жылда мал шаруашылы­ғы­мен айналысатын қожалықтардың саны 14 пайызға көбейген. Өткен жылы Кеден одағы аясында Мәскеуге мың тоннаға жуық ет өнімі жеткізілсе, биыл оның көлемі он бес мың тонна болады деп жоспарланған. Осы тұрғыда мамандар интеграциялық үрдістер септігін тигізгенін айтады. «Елімізде малдың 70-80 пайызы қолайлы жағдайда ұсталып отырған жоқ. Сондықтан біз «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруа қожалықтарына қолдау көрсетіп, малды асылдандыру секілді жұмыстарға көңіл аударудамыз. Осылайша Отанымыздағы ет, сүт өндірісі қазір 20 пайызды құраса, алдағы 5-6 жылда 70 пайызға жақындайды деп жоспарлаудамыз», дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешенінің хатшысы Бауыржан Қасенов. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».