Ауғанстанның Кабул, Нангархар, Хост, Пактика және басқа да провинцияларда 400 адам су тасқынынан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске сала кетейік, Ауғанстанда қатты жер сілкінісі болды. Хост және Пактика провинцияларында мыңнан аса адам қаза тапқан.
TOLOnews басылымы толассыз жауған жауыннан Нангархар, Паджшер, Хост, Пактика және басқа да провинцияларда су тасқыны болғанын хабарлады.
Ауғанстанның табиғи апаттардың салдарын жою министрлігінің мәліметінше су тасқынынан 400-дей адам қайтыс болған.