Ресейлік теннисші Даниил Медведев Astana Open 250 дәстүрлі халықаралық турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемнің бірінші ракеткасы, Үлкен Дулыға турнирінің жеңімпазы (АҚШ ашық чемпионаты-2021), Үлкен Дулыға үш турнирінің финалисті (АҚШ чемпионаты-2019, Австралия ашық чемпионаты-2021, Австралия ашық чемпионаты-2022), ATP 2020 қорытынды турнирінің жеңімпазы ресейлік Даниил Медведев Нұр-Сұлтандағы жыл сайынғы турнирге қатысады.
Айта кетсек, Astana Open ATP 250 турнирі 2022 жылдың 18-25 қыркүйек аралығында өтеді.