• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2014

Руслан Жақсылықов Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болды

750 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Мемлекет басшысының Өкімімен генерал-майор Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады. Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында туған. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штаб әскери академиясының жоғары академиялық курсын (2004) бітірген. Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскері қолбасшысының бірінші орынбасары, Ішкі әскер бас штабының басшысы болды. Ол 2008 жылғы 4 қыркүйектен бүгінге дейін Ішкі істер министрлігі ішкі әскерінің қолбасшысы қызметін атқарған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Аkorda.kz. Фото: vvmvd.kz.       олып тағайындалды. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады.
Соңғы жаңалықтар