• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Маусым, 2022

АҚШ-та психиатриялық бөлімдегі науқас екі адамды пышақтап өлтірді

202 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы аурухананың психиатриялық бөлімшесіндегі науқас екі адамды пышақтап тастады. Олардың бірі алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Университеттік медициналық орталығында психикалық ауруға шалдыққан науқастар емделіп жатқан қорғалатын аймақта болған.

АҚШ полицияның мәліметінше, бейсенбі күні түнде күдікті өз бөлмесінен шығып, көрші бөлмеге кіріп, қауіпсіздік белбеуімен байланған бірінші жәбірленушіні пышақтап өлтірген. Содан кейін пышақ ұстаған ер адам дәлізге шығып, кезекші медбикемен бірге қашып үлгерген екінші жәбірленушіге шабуыл жасады. Түзеу қызметкерлері күдіктіні қамауға алды.

Қазір 40 жастағы ер адамның пышақты қайдан алғаны тексерілуде.