• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Егемен Қазақстан 24 Маусым, 2022

«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді

390 рет
көрсетілді

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында AMANAT» партиясы журналистер арасындағы «AMANAT» – 2022 МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық байқауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы медиа сыйлық БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға берілді.

Салтанатты рәсім барысында партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бұл медиа сыйлықтың 10 жылдан астам тарихы бар екенін атап өтті. Биыл жаңа форматта ұйымдастырылған байқау жанрлық сипаттан тақырыптық бағытқа ауысып, қосымша Ахмет Байтұрсынов атындағы «Сөз зергері» және Шерхан Мұртаза мен Камал Смаилов атындағы «Телевизия үздігі» арнайы сыйлықтары  енгізілді.

Сондай-ақ, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы тілшісі, белгілі журналист Ғалымжан Елшібай AMANAT медиа-сыйлығында А.Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» номинациясын иеленді.