• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Маусым, 2022

Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды

234 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 66 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Алматы қаласында - 42, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында - 3, Қызылорда облысында - 1 адамнан анықталды.

Соңғы күндері Қазақстан коронавирус жұқтырғандар санының өсу динамикасы байқалуда. Мысалы, кеше вирус жұқтырған 57 жағдай тіркелсе, 24 маусымда инфекция жұқтырған 54 адамнан анықталды. Оның алдандағы күнгі мәлімет бойынша коронавирусты инфекциясын жұқтырған 42 жағдай, одан кейін күні 32 адамнан коронавирус анықталды. Ал 20 маусымдағы мәлімет бойынша тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда 12 адам коронавирус жұқтырған.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 233 жетті.

Аяна Тоғанбек