• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2022

Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды

494 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде жабайы қабан торайларымен бірге фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ақпарат «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

«Қыстан аман шыққан торайлар «Алтын-Емел» ұлттық паркінде серуенге шыққан. Видеодан олардың бұлаққа су ішу үшін емес, батпаққа аунау үшін келгені көрініп тұр. Себебі, олар осылайша кенелерден қорғанады», делінген әлеуметтік желідегі парақшада.

Ұлттық парктің мәліметінше, мұнда 100-ден астам жабайы қабан мекендейді. Сондай-ақ, қабандардың күніне орта есеппен 4-5 мың калория азық жеп, тамақтың иісін бес шақырымнан астам қашықтықтан сезетіні жазылған.

Аяна Тоғанбек