Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы инклюзивті «Қанаттылар» театрымен бірлесе отырып, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері мен ақындар мүшәйрасын өткізді. Шара «Жастар» театрында өтті.
Іс-шараның мақсаты – ерекше адамдардың өзгелерге үлгі болатын таланттарын, өнер шеберлерін танымал ету, олардың арасында ақындарды, көркемсөз оқу шеберлерін анықтау.
Жарысқа әр түрлі жастағы бірегей таланттар қатысты. Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысушылар ақын-жазушылар — Ахмет Байтұрсынұлының, Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсіреповтің, Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларын оқыды, олардың құрметіне осы жылы мерейтой күндері атап өтіледі. Ақындар Ахмет Байтұрсынұлына және ана тіліне арналған өз шығармаларын оқыды.
Көркемсөз оқу шеберлерінің арасында Гүлмира Шаймағанбетова (1-топ) үздік шықты. Екінші орынды Алтыншаш Мұқатаева (1-топ), үшінші орынды Мейрамгүл Байжігітова (1-топ) және Айкүміс Мурадова (1-топ) иеленді. Мүшәйра қорытындысы бойынша бірінші орын Ислам Мағытановқа (1-топ) бұйырды, күмісті Елдос Абаев (1-топ), қоланы Перизат Бекмұратова жеңіп алды. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара соңында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, көп балалы аналар қатысты.
Шара барысында «Қанаттылар» театрының әртістері Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен спектакль ұсынды.