• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Маусым, 2022

Түркияда бақ сынайды

361 рет
көрсетілді

27 маусым мен 5 шілде аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында шайбалы хоккейден қыздар ара­сын­дағы екінші дивизиондағы коман­далардың әлем біріншілігінің жалауы желбірейді.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының бас бапкері Виктория Сазонова шәкірттеріне сенім артып отыр. Қақпашылар – Вероника Агеева («Торпедо») мен Ева Прицкер («Жұл­дыз»). Қорғаушылар – Жансая Жансейіт­қызы («Астана»), Катрин Мескини, Полина Яковлева, («Торпедо»), Нұрайым Серікқызы («Алматы»), Вероника Халикова («Динамо») және Валерия Шобухова («Юность»). Шабуылшылар – Карина Әмірова, Алина Животовская, Мадианна Нүсіпова, Зере Тілеш, Шолпан Тоққожа («Жұл­дыз»), Крис­тина Войцицкая, Кира Кру­хольская (ПСО), Милена Иванишина («Юность»), Медина Кишекеева («Ақтөбе») Викто­рия Меньшикова, Дарья Хохлова («Тор­педо») және София Раковская («Алматы»).