• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Маусым, 2022

Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды

167 рет
көрсетілді

1985 жылы туған Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы жол апаты салдарынан қаза тапты. Полиция тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 26 маусымда сағат 16:00-де Доссор – Құлсары-Бейнеу тасжолында болды.

Атырау облысы ПД мәліметінше, жол апатына Toyota Hilux және Hyundai Tucson автокөліктері түскен. Жол апаты салдарынан 1985 жылы туған Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.