• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Маусым, 2022

Үйінде есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды

307 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жергілікті тұрғынның үйінен жарты келі есірткі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамның қылмысы «Қарасора» жедел-алдын алу шарасы барысында әшкере болды.

Алтай ауданының полицейлері өз үйінде есірткі сақтаған ер адамды ұстады. Күдікті Серебрянск қаласының 47 жастағы тұрғыны.

«Тінту барысында өсімдік тектес заты бар 3 құты, бірнеше бөтелке және бір полиэтилен пакет тәркіленді. Сонымен қатар полицейлер гүлдеп тұрған 39 өсімдік бұтасын тапты», деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, өсімдіктер қарасора тұқымына жатады - салмағы 95,05 грамм «каннабис» есірткісі, тәркіленген құтыларда 430 грамнан астам кептірілген марихуана сақталған, ал полиэтилен пакетте осы тектес тағы 20 грамм есірткі болған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні полиция бөліміне жеткізді, ол кінәсін мойындады.

Бұл фактіге қатысты ҚК 296-бабы 2-бөлігі «Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.