• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2014

Полицей басшысы қайда жасырынды?

277 рет
көрсетілді

Газеттің бұрнағы күнгі санында Атырау облысындағы Исатай аудан­дық ішкі істер бөлімінің басшысына қатысты пара алу дерегімен қылмыстық істің қозғалғанын хабарлаған едік. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, ол жауаптау ба­ры­сында өзінің денсау­лығының на­шарлағаны жөнінде шағымданыпты. Күдіктінің шағымына байланыс­ты медициналық жедел жәрдем шақыр­тылған. Дәрігерлер полиция бөлімі басшысының қан қысымының жоға­рылағанын анықтап, оны Атырау қала­лық ауруханасына жеткізіпті. Міне, осындай себеппен күдіктіге қатысты iс жүргiзуде мәжбүрлеп ұстау түріндегі, сон­дай-ақ, тұтқынға алу шарасы алын­баған. Ал заңсыз балық аулаушыға қам­қорлық танытты делінген күдікті өзіне дәрігерлік көмек көрсетілген соң, ауруханадан кетіп қалған және белгісіз бағытта жасырынған. Облыстық эко­номикалық қылмысқа және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті дәл осылай хабарлама таратты. Сонда бұл нені білдіреді? Ірі көлемде пара ал­ған полицей басшысы қолымен іс­те­генін мойнымен көтеруден жас­қан­ды ма? Әлде оның тергеуден жасы­ры­нуына біреулер мүдделі болып отыр ма? Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.