АҚШ-тың Такома қаласындағы би кешінде атыс болып, сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz ABC News агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 00:45-те Такома қаласының оңтүстік бөлігіндегі өнеркәсіптік ауданда болды.
Құқық қорғау органдары атыс қаруы қолданылған жанжал әуелі көшеде басталғанын айтады.
Полиция қылмыс болған жердің айналасындағы көшелерді дереу жауып тастады. Оқ жарақатынан зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қаза болғандар туралы хабарлама жоқ.
Қазіргі уақытта кінәлілерді іздеу бойынша тергеу жалғасуда.