• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Маусым, 2022

Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады

175 рет
көрсетілді

Astana Qazaqstan Team велоклубы маусымның басты жарысы - «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шосседе өтетін көпкүндік веложарыс 1-24 шілде аралығына жоспарланған.

Қазақстандық команда құрамында 8 спортшы бар. Олар - Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Дмитрий Груздев (Қазақстан, Джо Домбровски (АҚШ), Алексей Луценко (Қазақстан), Джанни Москон (Италия), Симоне Веласко (Италия) және Андрей Зейц (Қазақстан).

Жарыстың спорт директорлары: Александр Шефер (Қазақстан), Бруно Ченьялта (Италия), Стефано Занини (Италия).