• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Маусым, 2022

Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды

174 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Үкімет отырысында мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ-та кеңінен түсіндіруге арналған тақырыптар бойынша ақпараттар аз берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ҚР Үкіметінің қызметіне жұртшылықтың жоғары қызығушылығы байқалады. Алайда жекелеген өзекті тақырыптар бойынша тіркелетін азаматтардың кері байланысы көбінесе теріс сипатқа ие болады», деді министр.

Осы ретте Асқар Омаров жұртшылық пен БАҚ өкілдері тарапынан сынның пайда болу себептерін атады.

«Біріншіден, мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ-та кеңінен түсіндіруге арналған тақырыптар бойынша ақпараттың аз берілуі. Екінші, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ БАҚ-тың ресми сауалдары мен сұраныстарына берілетін жауаптарда толық ақпараттың болмауы. Үшіншіден, БАҚ-та туындаған мәселелерді түсіндіру бойынша біліктілігі төмен спикерлерді ұсыну. Ақпараттық-түсіндіру жұмысының маңыздылығын ескере отырып, аталған факторларды мемлекеттік органдардың жұмысында ескеру қажет», деді Асқар Омаров.