Адам өлтірді деген күдікке ілініп, қашып кеткен Қызылорда облысының тумасы Қарағандыда ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-9-тармақтары бойынша қылмыс жасаған деп айыпталып отыр. Ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Полицейлер күдіктіні Қарағанды қаласындағы саябақтардың бірінде ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.