• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Маусым, 2022

Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді

173 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Павлодарлықтар емханалардың жұмысына қатысты маған жиі шағымданады. Апта сайын бір мазмұндағы хабарламалар келіп түсетінін ескерсек, емханалардағы мәселелер жүйелі сипатта екенін түсіну керек. Осы орайда біз не істедік? Біріншіден, мен емханаларды аралап шықтым. Кейіннен облыстық денсаулық сақтау мекемесінің басшылығымен және басқа да тараптармен колл-орталықтары, тіркеу бөлімдері жұмыстарына, сондай-ақ емхана ішіндегі мәселелерге талдау жүргіздік. Себебі шағымдар телефон арқылы байланысқа шығудың қиындығы, персоналдың дөрекі қарым-қатынасы, қабылдауға барған адамдардың кезекте ұзақ тұруы секілді мәселелерге қатысты болып отыр», деді Ә. Сқақов.

Сондай-ақ өңір басшысы медициналық ұйымдарда келген адамдарға қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктері назарға алынбағанын атап өтті.

«Бастапқы медициналық-санитарлық қызмет жұмысын қайта құрып жатырмыз. Бұл тұрғыда тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға екпін қойылған. Қазіргі кезде емханаларға қоңырау шалу кезіндегі күту уақыты 4 есеге қысқарды. Ал медбикелер бекеттерін енгізу есебінен дәрігерлердің жүктемесі 35 пайызға азайды. Емханаларда цифрлық бекеттер орнатылды. Сонымен қатар call-орталықтардың, тіркеу бөлімдерінің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің 385 қызметкері оқытудан өтті», деді өңір әкімі.