• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Маусым, 2022

Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды

340 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Air Astana әуекомпаниясын IPO алаңына шығару мәселесін кейінге шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, барлық портфельдік әуекомпания арасында «AirAstana» IPO-ға барынша дайындалды.

Бірақ әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға, соның ішінде Еуразияның еуропалық бөлігіндегі қақтығысқа байланысты биыл IPO-ға шықпау және келесі инвестициялық мүмкіндікті күту туралы шешім қабылданды.

«Бұл ретте біз компанияның капиталына белгілі бір шарттарды ұсына алатын әлеуетті, стратегиялық инвесторлармен белсенді жұмысты бастап кеттік», деп түсіндірді ұлттық қор басшысы.

Еске сала кетсек, биыл мамырда «Самұрық- Қазына» әл-ауқат ұлттық қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев AirAstana-ны IPO-ға шығару туралы шешім жазда қабылданатынын хабарлаған еді.