• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Маусым, 2022

Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады

297 рет
көрсетілді

2 шілдеден бастап Жеңіс даңғылының Есенберлин – Бөгенбай көшелері  аралығында қоғамдық көлікке арналған жолақтарды бөлумен 7 жолақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

City Transportation Systems компаниясы хабарлағандай, бүгінгі таңда аталған көшемен 15 қалалық маршрут жүреді, бұл 175 автобусты құрайды.

Осылайша, аталған учаскеде қоғамдық көлік, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру техникасының қозғалысы үшін артықшылық жасалатын болады.

«Сондай-ақ бөлінген жолақ бойынша қоғамдық көлік қозғалысы қарбалас уақыттарда жолаушылардың күту уақытын 18%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Даңғылда қозғалыс жолақтарының ені ұлғайтылып, жаяу жүргіншілер өткелдерінде көліктің бұрылуы үшін қосымша жолақ пайда болады. Бұл жол қиылыстарына жүктемені азайтады.

Қазіргі уақытта учаскеде жол белгілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.