• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 29 Маусым, 2022

Мемлекет басшысы: Каспий - шексіз мүмкіндіктер теңізі

429 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Ашхабад қаласында өтіп жатқан алтыншы Каспий саммитіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақтау саммиті бүкіл әлемдік қоғамдастыққа Каспий маңы мемлекеттерінің күрделі мәселелерді тек бейбіт жолмен, тату көршілік пен достық рухында шешуге қабілетті екенін көрсетті. Бесжақты өзара іс-қимылды кешенді тереңдету үшін берік құқықтық іргетас қалаған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға көп жылғы келіссөздерден кейін қол қойылуы осының көрнекі дәлелі болып отыр», деді Президент.

Мемлекет басшысы Каспий маңы елдерінің әлеуетін толыққанды пайдалану үшін ынтымақтастыққа қатысты пайымын ұсынды.

«Каспий - бұл пайдалы ресурстардың үлкен орталығы ғана емес, сонымен бірге шексіз мүмкіндіктер теңізі. Бүгінгі таңда біздің бірінші кезектегі міндетіміз - Конвенцияның тез арада күшіне енуін қамтамасыз ету. Төрт жыл бойы осы мәселеге қатысты өзара қолайлы шешімдерді іздеу бойынша тынымсыз жұмыс жүргізілуде. Біз тараптардың ұстанымдарына түсіністікпен қараймыз, өйткені бұл мәселелер ұлттық мүдделерді тікелей қозғайды», деді Мемлекет басшысы.