• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 29 Маусым, 2022

Абай облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды

518 рет
көрсетілді

Абай облысы әкімінің аппарат басшысы болып Жасұлан Сәрсебаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ол осыған дейін Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

Жасұлан Бірлікұлы Сарсебаев 1986 жылы 22 шілдеде бұрынғы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Мамандығы - заңгер.

Еңбек жолын «Қазақстандағы жас заңгерлер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Семей қаласы бойынша филиалының директоры болып бастаған.

Әр жылдарда Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктер және саяси партиялармен жұмыс бойынша бөлімнің бас маманы, мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2015-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы болып қызмет етті.

2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ШҚО әкімі аппаратының басшысы болды. Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

Аяна Тоғанбек