Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, өңірде 900 мың теңгенің акцизделетін өнімдері заңсыз сатылымға шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша рейд жүргізді.
Нәтижесінде 3 жеке тұлға бойынша мынадай заңбұзушылықтар анықталды: 1520 бөтелке алкоголь өнімдерін заңсыз жолмен сату (құны 418 мың теңге); 2000 литр дизель отынын заңсыз жолмен сату (құны 320 мың теңге); 260 қорап Bond және LM темекі өнімдерін заңсыз жолмен сату фактілері (бағасы 154,6 мың теңге).
Іс материалдары Атырау қаласының әкімшілік істерге мамандандырылған сотына жолданды. Алдағы уақытта көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу шаралары жалғасады.
Аяна Тоғанбек