• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2014

Жалған ақша жарға жықты

393 рет
көрсетілді

Кім дәмді тамақ ішіп, тәуір киінгісі, жақсы жүріп-тұрғысы кел­мейді дейсіз. Бірақ ол үшін көп  ақша керек.  Осын­дайда, амал не, сол мол ақшаны қолдан жасап алуға болады деп, қылмыстың қақ ортасынан  бір-ақ шығатындар әр жерден бой көрсетіп қалады.  Елдің экономикасына орасан зор зиян келтіретін сондай зымияндардың бірі Рудный қаласынан ұсталды. Қостанай облысы бойынша Қар­жы полициясы депар­таментінің қыз­меткерлері жүр­­гізген  жедел іздестіру шара­ларының арқасында жалған ақша шығарып отырған тұтас цех жойылды. Цех Рудный қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде орналасыпты.  Онан  қаржы полицейлері жалған ақша басып шығарған  компьютерлік және  ұйымдастыру техникаларын, сондай-ақ, 2000 теңгеліктің суретін салған қағаздарды, қағаз кесетін құралдарды тәркіледі. Жалған ақ­шамен байығысы келген күдікті, Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен тұт­қын­да­лып, оның үстінен  Қылмыс­тық ко­декстің  206-бабы, 2-бөлі­мі бойынша қылмыстық іс қоз­ғалды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». РУДНЫЙ.