• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 30 Маусым, 2022

Жетесовтер әулетінің жеке концерті

553 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Ақтөбе қаласы «Шашу» халықтық ансамблінің, яғни Жетесовтер әулетінің шығармашылық концерті өтті. Ансамбль жетекшісі – Өмірхан Жетесов.

«Шашу» халықтық ансамблі­нің репертуары өте бай. Халық ком­позиторларының күйлері мен әндері, қазақ, орыс және шетел ком­позиторларының шығармала­ры да бар. Құрылған күнінен бас­тап ансамбль халықаралық, рес­публикалық, облыстық және қа­ла­­лық байқаулардың лауреаттары ата­нып үлгерген.

Ансамбль құрамында 21 бала бар, оның 18-і – патронаттық тәр­бие­де. Өмірхан Жетесов пен Аман­гүл өнерге жақын жандар бол­ған соң, бауырына басқан әр­қайсысын ерекше қамқорлық пен мейірімді­лік таныта отырып, оларды музыка мен өнерге баулыды. Бүгінде ба­лалардың бірі дәстүр­лі ән орында­са, бірі домбыра, қо­быз тартады, енді бірі жетіген, сы­бызғы жә­не өзге де аспаптар­да шебер ойнай­ды. Отбасы мү­ше­лерінен құ­ралған отбасылық ансамбль қазір көп­шілікке танымал. Аталған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы «Білім жа­ңғырту» орта­лығының өкілдері, оқушылар және ата-аналар, білім беру ұйым­дарының ұстаздары қатысты.

«Елордамыздағы Махамбет Өте­­місов атындағы Оқушылар са­ра­­­йында рес­публикамызда өтіп жат­қан биыл­ғы Балалар жы­лына орай «Елор­да Билер қоға­мы», қала­лық білім бас­қар­масы, «Білім жаңғырту» ор­та­­лығы, №1 балалар музыка мек­­тебі­нің ұйымдастыруымен, со­­нау Ақтөбеден арнайы келген Же­те­­совтер отбасылық концерті үлкен деңгейде өтті. Ине шаншар орын жоқ, залдағы толы кө­рер­мен­нің зор ықылас, ризашы­лы­ғына бөленді десе артық айтқан болмас. Өздерінің үш баласымен қоса 18 баланы (өзге ұлттардан да бар) ұлттық тәрбиеге, оның ішінде өнерге баулып, соның биік шыңы­на шығару әркімнің қо­лынан келмес. Міне, осындай батыр отбасыны арнайы құттықтауға Парла­­мент депутаты, «Ақ жол» пар­тия­сы­ның мүшесі, ақын Қазыбек Иса­­ның келіп құттықтап, партия аты­нан 21 баланың әкесі Өмір­хан­­ның кеудесіне төсбелгі тағуы­ның өзі аталған өнерпаз отбасыға үлкен құрмет болды», дейді ұйым­дасты­рушылар.