Эстонияның Денсаулық сақтау министрлігі елде маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқас жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, маймыл шешегін орта жастағы ер адам жұқтырған. Науқас аталған індетті шетелде жүргенде жұқтырған, ол Эстонияда ешкіммен жақын қарым-қатынаста болмаған.
Науқаста маймыл шешегіне тән белгілер байқалып, тиісті сынамалар жүргізілді.