• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2014

Қазақстан Республиккасы Үкіметінің қаулысы № 144

375 рет
көрсетілді

2014 жылғы 24 ақпан  Астана, Үкімет Үйі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бе­кіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №5, 88-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында: 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты үш данада жасалады. Олардың біреуі мемлекеттік мекеменің (мемлекеттік кәсіпорынның) әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – тізілім)кеу үшін беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге бе­­ріледі және тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады. Жалдаушылар (қосымша жалданушылар) тізілімінің www.gosreestr.kzвеб-порта­лында олармен жасалған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарттары бойынша, оның ішінде шарттың талаптары, шарт бойынша есептер, бюджетке аударылған төлемдер және бар болса, өсімпұл бойынша ақпаратты қарауға құқылы.»; мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын: «19. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін Мемлекеттік тұрғын үй  қорынан берілген тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (коммуналдық тұрғын үй қорынан), мемлекеттік мекеменің  әкімшілігі (мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан) немесе мемлекеттік кәсіп­орынның әкімшілігі (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан) есептейді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйді нмесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемді жалдаушы тиісінше республикалық немесе жергілікті бюджетке аударады.»; 2) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шартында: 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемді жалдаушы тиісінше республикалық нмесе жергілікті бюджетке аударады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.