• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Маусым, 2022

Жастарға жанашыр жоба

248 рет
көрсетілді

Таяуда Көкшетау қаласында Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен «Жастарға мүмкіндік!» тақырыбында мәселенің мәнісіне бойлап, талқылау өткізілді.

Бұл жоба «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қо­ғам­дық қорының «Жастарды әлеу­меттендіру және оңалту» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Статистикалық деректерге қарағанда, ел жастарының 10 пайызы не білім алып, не тұрақ­ты жұмыс істеп жатқан жоқ. Демек бұл орайдағы мә­селе шаш етектен. Әсіресе ауыл жас­тарының біраз бөлігі екі қолға бір күрек таба алмай, қаң­тарылып отырғандығын еш­кім жоққа шығара алмай­ды. Қо­ғамдық қордың пре­зиденті Ар­ман Әубәкірдің айтуына қара­ғанда, жастарға жана­шырлық жасауға тиісті осы­ған ұқсас жоба тұңғыш рет 2018 жылы Батыс Қазақстан өлке­сінде атқа­ры­лыпты. Жақсы іс­терге ұйытқы болатын, жалын­ды жастардың бо­йындағы қажыр-қайратты ұштап, алға жетелейтін тәжірибе осы кезде қалыптасқан.

Қоғамдық қор президентінің айтуынша, қор әр өңір­дегі жастарды жұмысқа орна­ластыруға талпынуда. Ол үшін белгілі бір істі бастап, сол ісі­нен нәтиже шығарған жас кә­сіп­керлердің талпынысы мен тә­жірибесін өнегелі мысал етіп, дәл осындай биікке шығу бұлардың да қолдарынан келетінін айтып, жігерлендіруде. Жастар ара­сындағы тілдесулер, олардың жеке бизнеспен айналысқысы келетіндіктерін анықтап отыр. Нә­тижеге жету үшін, әрине, тә­жірибе қалыптастыру қажет. Осы орайда тегін шеберлік сабақ­тары да ұйымдастырылуда.

«Адырна» ұлттық этногра­фиялық бірлестігінің өкілдері жергілікті жұмыспен қамту және Жастар бастамаларын дамыту орта­лықтарымен бірлесе отырып, adyrna.kz сайтына тір­келу үшін арнайы формалар әзірледі. Ен­ді жастармен тіке­лей байланыс орнатып, әрқилы іс-шаралар өткізіле бастамақ. Сайып келгенде қолға алынған қыруар жұмыстың барлығы ел жастарының еңсесі кө­теріліп, өзін-өзі қамшылап, өзін-өзі да­­мытуға ықпал етеді деп күті­луде.

Қазақтілді ортаға, ауыл жас­­­­­­тарына шарапаты тиетін жана­­шыр жобаны жандандыру үшін тасы өрге домалап тұр­­­­­ған кәсіпкерлермен кезде­су­лер өткізілмек. Мұндай түйін түйт­­­кілін шешуге ықпал ететін пікіралмасулар барысында өз ісін бастағысы келетін жастар өздерін толғандырып жүрген сан қырлы сауалға толымды жауап алатын болады. Әрі жұ­мыспен қамту саласының қыз­меткерлері мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау-кө­мектің мүм­кіндігі туралы айтып бермек.

 

Көкшетау