• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Шілде, 2022

Техас штатында атыс болып, 3 адам қаза тапты

183 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Техас штатындағы Халтом-Сити қаласында атыс болды. Оқиға орнында үш адам, оның ішінде шабуылдаушы да қайтыс болып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның мәліметінше, атыс сенбі күні кешке болған, зардап шеккендердің арасында үш полиция қызметкері бар – олар ауруханаға жеткізілді.

Полиция күдікті мен бөлім қызметкерлері арасындағы атыс фактісін растады. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы өзіне оқ атып, мерт болды.