• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қаржы 04 Шілде, 2022

Өнеркәсіптік пайдалануға берді

217 рет
көрсетілді

Ұлттық банк Төлем кар­точка­ларының банк­ара­лық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қосқанын хабарлайды. Бұл жүйе Қазақстан аумағында төлем карточкалары арқылы жасалатын банкаралық транзакцияларды өңдеуге арналған.

ТКБЖ-ны құру және оны іске қосу – төлем карточкалары нарығының қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін, қазақстандық банктер үшін ішкі есеп айырысулардың кепілдігін қамтамасыз етеді.

Жүйені әзірлеу Visa, Mastercard және UnionPay халық­аралық төлем жүйелерімен және төлем карточ­каларының нарығына қатысушы банктермен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылды.

Төлем карточкаларының банк­аралық жүйесін құру аясында жер­гілікті карточкалық инфрақұрылым жасалып, тиісті нормативтік құқықтық база қалыптастырылды. Сонымен бірге қазақстандық банктер эмиссияла­ған төлем карточкалары бойынша жер­гілікті операцияларды өңдеуді ұйым­дастыру бойынша халықаралық төлем жүйелерімен келісімдер жасалды.

Қазіргі уақытта жүйеге төлем карточкаларымен қызмет көр­сететін банктер қосыл­ған. Банк­тердің жергілікті карточ­калық транзакцияларының трафигін аудару, оның ішінде банк жүйелерін бейімдеу және халықаралық төлем жүйелерімен өзара іс-қимыл процес­терін қайта баптау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді.

ТКБЖ операторы – «Қазақ­стан Республикасы Ұлттық банкі­нің Қазақстан банкаралық есеп айы­рысу орталығы» РМК атаулы еншілес ұйымы.