• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Шілде, 2022

Нүкістегі тәртіпсіздік барысында 18 адам қаза тапты

212 рет
көрсетілді

Нүкістегі тәртіпсіздіктер кезінде 18 адам қайтыс болды. Тағы 243 адам жарақат алды, оның ішінде 38-і құқық қорғау органдарының қызметкері, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алдын ала ақпарат бойынша 149 адам алғашқы көмек алып, үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта ауруханаларда 94 адам жатыр. 1-2 шілдеде демонстрация орнында 516 адам ұсталды. Ұсталғандарға қатысты тергеу жүргізілуде, олардың кейбіреулеріне әкімшілік жазалау шаралары қолданылып, қамаудан босатылды. 3-4 шілдеге қараған түні коменданттық сағаттың талаптарын бұзғаны үшін көшеде мақсатсыз жүрген 110 адам ұсталды. Айыппұл тұрағына 12 автокөлік құралы орналастырылды», деді Өзбекстан Ұлттық ұланы баспасөз қызметінің жетекшісі Даврон Жұманазаров.

Сондай-ақ ол Ұлттық ұланның жараланған қызметкерлері туралы айтты.

«Қарақалпақстанның бір жауынгерінің кеудесіне оқ тиген. Екіншісінің аяғы сынған. Джизак пен Ташкенттен келген бір қызметкер басынан ашық жарақат алды», деді Д.Жұманазаров.

Айта кетсек, 1 шілдеде Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласында заңсыз демонстрация ұйымдастырды. Азаматтар Конституцияға түзетулер жобасына байланысты митингке шықты. Дәлірек айтқанда, олар Қарақалпақстанның Өзбекстаннан шығу құқығы жөніндегі тармақты алып тастау шешіміне қарсы болған.

Кейіннен Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанның құқықтық мәртебесі туралы нормалар өзгеріссіз қалуы үшін Олий Мажлистің заң шығарушы палатасына жүгінді. Сондай-ақ Өзбекстан Президенті Қарақалпақстанда бір айға төтенше жағдай енгізу туралы жарлық шығарғаны хабарланды.

4 шілдеде барлық азық-түлік дүкендері, базарлар, нан кәсіпорындары, биржалар, банктер, ұйымдар, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар жұмысын толығымен қалпына келтірді.