• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Шілде, 2022

Қырғызстанда қазақтар қауымдастығының экс-басшысы сотталды

330 рет
көрсетілді

Сот Қырғызстан қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы Марат Тоқтаучиковқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

24.kg ақпараты бойынша, ол Қырғызстан Республикасының ҚК 307-бабы «Мемлекетке опасыздық жасау» бойынша кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеумен 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

2021 жылғы сәуірде Қырғызстан Республикасының ҰҚК мемлекетке опасыздық жасаған екі азаматтың ұсталғаны туралы ақпарат таратты.

Кейін ұсталғандардың бірі - саясаттанушы Марат Қазақпаев, екіншісі - Қырғызстандағы қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиков екені белгілі болды.

Айта кетсек, саясаттанушы Марат Қазақпаев 10 маусымда тергеу изоляторында инсульт салдарынан қайтыс болды, осыған байланысты сот оған қатысты қылмыстық істі тоқтатты.