• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2022

Екі ауылға газ жетті

307 рет
көрсетілді

Шиелі ауданында бір күнде Ақмая, Алғабас ауылдары газға қосылды. Осыған орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан тұрғындарымен кездесуге келген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, осы күнді көптен күткен тұрғындарды қуанышымен құттықтады. Халықтың тұрмысына қажетті ауыз су, газ тарту, жол салу мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілетінін айтып өтті.

– Биыл аудан орталығы – Шиелі кенті газбен толық қам­тылды. Жақаев, Бидайкөл, Бай­сын, Н.Бекежанов, Қодаманов елді мекенінің тұрғындары «көгіл­дір отын» игілігін көруге мүм­кін­дік алды. Табиғи газ – ауыл­дағылардың қолын от жағып, күл шығарудан босатумен қатар, қоршаған ортаны қорғау­ға, орман қорын сақтауға мүмкін­дік береді, – деді облыс басшысы.

Елді мекенді газдандыруды тұрғындар жыл сайынғы есепті кездесуде көтеріп келген екен. Ақмая ауылына табиғи газ тарту үшін республикалық, жергілік­ті бюджеттерден 460 млн теңге қаралған. Ал Алғабас ауылына 488 млн теңге бөлінген. Бүгінде ауданды табиғи газбен қамту үлесі 56,4%-ды құрап отыр.

Алдағы уақытта аудандағы Бестам, Досбол датқа, Еңбекші, Жиделіарық елді мекендеріне газ құбырын жүргізуге қажетті бюджеттік өтінім тапсырылса, Алмалы, Тәжібаев ауылдары тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізу үшін жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сарап­тамаға ұсынылды.

Биыл облыста ауылдарды газдандыру бойынша 13 жобаны іске асыру басталса, оның 7-еуі осы жылы аяқталады. Нәти­же­сінде, 15 мыңнан астам халқы бар 7 елді мекен табиғи газға қосы­лып, оны тұтынатын халық саны­ның үлесі 68 пайызға жетпек.

Шиелідегі 2 ауыл табиғи газға қосылған күні көршілес Жаңа­қорған ауданындағы Бірлік, Қыраш елді мекендеріне ауыл­ішілік газ тарату желілерін тарту басталды. Осы жұмыс аяқтал­ғанда Бірлікте 6 әлеуметтік нысан, 440 үй, Қыраш ауылында 5 әлеуметтік нысан мен 124 үй газдандырылады. Сонымен қатар аудандағы Төменарық, Шалқия, Құттықожа, Жайылма, Кейден ауыл­дарына газ желісін тарту жо­ба­лары әзірленіп, мемлекеттік са­рап­тама қорытындылары алынған.

 

Қызылорда облысы