Италияның 5 облысында, атап айтқанда: Эмилия-Романья, Фриули-Венеция-Джулия, Ломбардия, Пьемонт және Венето облыстарында құрғақшылықтың салдарынан төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет елдегі су тапшылығына байланысты ұлттық төтенше жағдайлар қорынан 36,5 млн еуро бөлді. Ең көп қаражат Эмилия-Ромагна (10,9 миллион) және Ломбардияға (9 миллион) бағытталды.
Бұған дейін елдің солтүстігіндегі бірқатар қалаларда, соның ішінде Веронада азаматтардың суды пайдалануына шектеулер енгізілген болатын. Сонымен қатар құрғақшылық Италияның орталық бөлігінің оңтүстігінде де әсер ете бастады.
CNR мемлекеттік зерттеу ұйымының мәліметі бойынша, биыл Италияда соңғы 30 жылдағыдан екі есе аз жауын-шашын түсті.