• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2022

Қатты жел перзентхананың шатырын ұшырып кетті

153 рет
көрсетілді

Атырауда қатты желдің салдарынан перзентхананың шатыры ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Екі қызметкердің көліктері шатыр астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмымылдырылды.

«4 шілдеде сағат 20:00 шамасында қатты желдің салдарынан облыстық перинаталдық орталықтың шатыры опырылды. Атап айтқанда, бес қабатты «Б» корпусының 500 шаршы метрі бұзылды», делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, биыл Атырау облыстық перинаталдық орталығы күрделі жөндеуден өтеді. Қазіргі уақытта бастапқы жұмыстар жоспарланып отыр.